«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы байқау жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы байқау жариялады

13.04.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық «Жалын» жастар конкурсын жариялады.

Байқау жазушы-публицист, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығы мен тележурналист, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылды. Конкурсқа студенттер мен 30 жасқа дейінгі жас журналистер және режиссерлер қатыса алады.

Мақсат - жастар түсіретін телефильмдер мен бағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру. Телеарна мамандары арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту. Ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу. Конкурсқа 2021-2022 жылдары эфирге шыққан қазақ тіліндегі авторлық жұмыстар қабылданады.

Олар 2022 жылғы 30 сәуірге дейін qazaqstan.tv сайты арқылы жолдануы тиіс. Байқау үздік деректі фильм, үздік режиссерлік жұмыс, үздік авторлық бағдарлама, үздік сюжет аталымдары бойынша өтеді. Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздік жоба иегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жұмыстар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ресми сайтына орналастырылады.

Қонысбек Терекұлы

Хабарламаларға жазылу