Бельгияда «Омикрон» штамының жаңа түрі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда «Омикрон» штамының жаңа түрі тіркелді

13.04.2022

Бельгияда «Омикрон» штамының жаңа түрі тіркелді. BA.4 деп аталған індетті вирусологтар егде жастағы әйелден анықтаған. Соңғы аптада ковид жұқтырып, аурухана түскендер саны артқан. 

Нұрсұлу Қасым, тілші:
«Омикронның» жаңа штамы қаншалықты қауіпті екенін әзірге мамандар «дөп басып айту қиын»-деп отыр. Қазір зерттеу жүргізуде. Ұлыбритания, Дания мен Германияда осы жаңа штамды жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар немесе ауыр халде ауруханаға түскендер тіркелмеген. Дегенмен, Қытайда осы «Стелс-Омикронның» тез таралып жатқанынан сескенген Еуропа мамандары алдағы уақытта қарт құрлық елдері карантиндік шектеулерге қайта оралуы мүмкін екенін айтады.
Бельгияда індет бәсеңдеп, халық қалыпты өмірге оралып, қуанып жүр еді. Бірақ, соңғы аптада ковидпен ауруханаға түсушілердің саны 4 пайызға өскен. Яғни, бір тәулікте 200-ден астам адам түсуде. Ауыр халде жеткізілгендердің дені-екпе салдыртпағандар деген дәрігерлер тұрғындарды вакцинаның үш дозасын алуға үндеуде. Бүгінге дейін ел халқының 79 пайызы екі дозаны, 62 пайызы бустерлік вакцина салдыртқан.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу