Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары созылып кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары созылып кетуі мүмкін

12.04.2022

Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары созылып кетуі мүмкін. Энергетика миинстрінің айтуынша ондағылар қондырғыны қалпына келтіру ісін әлі бастамаған. Өйткені ауа райының қолайсыздығына байланысты су астына түсіп, жөндеу жүргізу мүмкін болмай тұрғанын айтқан. Ал шаруа созбалаңға салынып, мамырға дейін аяқталмаса, шығын көлемі 1 миллион баррелге дейін жетпек. Болат Ақшолақовтың айтуынша бұл ел экономикасына айтарлықтай сезілуі мүмкін. Айта кетейік, Қазақстан мұнайының 80 пайызын Ресей арқылы Батысқа шығаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын қондырғылары істен шығып, жұмысын ішінара тоқтатқан еді.

Болат Ақшолақов, Энергетика министрі:

Біз күн сайын ресейлік әріптестерімізбен байланыстамыз. Білесіздер, бұл Қазақстанның юрисдикциясы емес. Жағдайды көзбен көрмеген соң, олар айтқан ақпараттың қаншалықты шынайы екенін білмейміз. Сол себепті біз 15 сәуірге дейін күтеміз. Содан кейін, менің ойымша, өз әріптестерімізді жібереміз немесе сол жердің мүмкіншілігін көру үшін өзіміз баруымыз мүмкін.

Досжан Маратұлы



Хабарламаларға жазылу