«Қазақтелеком» акцияларының 28,8% мемлекет меншігіне қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтелеком» акцияларының 28,8% мемлекет меншігіне қайтарылады

12.04.2022

«Қазақтелеком» акцияларының шамамен үштен бірі мемлекет меншігіне қайтарылады. Бүгін Үкімет осындай қаулы қабылдады. Алпауыт компанияның 28,8 пайызы «Skyline Investment Company» және «Alatau Capital Investment» компанияларынан сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке өтіп отыр. Барлығы 3 миллионнан астам акция. Айта кетейік, «Қазақтелекомның» қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған Қайрат Сатыбалды да компания акцияларының 28,8 пайызына иелік еткен еді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу