Мемлекет басшысы Александр Винокуровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Александр Винокуровты қабылдады

12.04.2022

Мемлекет басшысы Александр Винокуровты қабылдады. Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа велокоманданың соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтты. Атап айтқанда елдегі велоспорттың дамуы, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, Алматыдағы велотректі жаңғырту жайында мәлімет берілді. Мемлекет басшысы велокоманданың алдағы кезеңге арналған жоспарын қолдап, Astana Qazaqstan Team еліміздің халықаралық аренадағы спорттық бренді екенін ерекше атап өтті.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу