«Ғылым туралы» заңға өзгертулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғылым туралы» заңға өзгертулер енгізілді

12.04.2022

Енді тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан астам ғалым тұрақты еңбекақы алады. Бұл туралы мемлекет басшысының қабылдауында болған білім және ғылым министрі айтты. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін созылды. Жас ғалымдарды қолдау үшін пост докторантураға мың грант бөлінген. Соның аясында 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алған. Жыл сайын 500 отандық маман республикалық бюджет есебінен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Ал мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына лицензия беру тәртібін жетілдіру және іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізетін институттарды қолдау қажет екенін айтты.

Саламат Омаш  

Хабарламаларға жазылу