АҚШ-тың Ресейге салынған санкциялары серіктес елдерге теріс ықпалын тигізбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Ресейге салынған санкциялары серіктес елдерге теріс ықпалын тигізбейді

11.04.2022

АҚШ-тың Ресейге салынған санкциялары серіктес елдерге теріс ықпалын тигізбейді. Оның Қазақстанға әсерін барынша жеңілдетуге тырысады. Бүгін АҚШ-тан келген делегация өкілдерімен кездесуде тараптар осы мәселеге ерекше тоқталды. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея АҚШ тарапы «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған Президенттің саяси реформаларына қолдау танытуға ниетті екендігін жеткізді. Биыл екі жақты қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Тараптар өзара байланысты одан әрі тереңдетуге ниетті. Кездесуде адам құқығы, сөз бостандығы, діни сенім тақырыптары талқыға салынды. Ал сыртқы істер министрлігінің өкілдері көрші елдердегі ахуал баға саясатына да ықпалын тигізіп жатқанын жоққа шығармайды. Сондықтан мүдделі тараптар арасында бірнеше келіссөз жүргізген.

Узра Зея, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары:

Бәріміз Ресей мен Украина арасында туындаған халықаралық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Халықаралық қоғамдастық жедел үн қатып, Ресейге қатысты бірқатар санкцияны шұғыл ұсынды. Олар қызметкерлер мен серіктестерге, оның Қазақстанға теріс ықпалын қысқартуға бағытталған. Біздің санкциямыз президент Путинге және халықаралық саясатты тұрақсыздандыруға жол берген тұлғаларға қарсы бағытталып отыр.

Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Үкімет АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Консультация барысында біздің тарапқа санкцияларға байланысты жауаптар берілді. Америкалық тараптан өзара тәуелді нарық, өзара тәуелді экономика туралы түсінік бар. Америкалық тарап бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін жеңілдету үшін барынша тырысып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу