Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарын қабылдады

11.04.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарын қабылдады. Ералы Тоғжанов Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп берді. Айтуынша тапсырмаға сай, 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі. Сондай-ақ, мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2 миллион 800 мың адамның табысын арттыру қарастырылған. Ералы Тоғжановтың айтуынша, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау шаралары жалғасады. Мысалы, «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20 мың әйел жұмыспен қамтылады. Жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асырылып, 400 айлық есептік көрсеткішке дейін гранттар беріледі. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу