«AMANAT» партиясы «ТАЗАLIKE» акциясын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы «ТАЗАLIKE» акциясын қолға алды

08.04.2022

Шымкентте «AMANAT» партиясы «ТазаLike» жобасын жүзеге асыру арқылы эко сананы қалыптастырып, экологиялық проблемаларды тиімді шешуге ат салысатын болады. Бұл туралы қалаға сапары кезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді. Жалпы Шымкентте 51 бастауыш партия ұйымы бар. Алдағы уақытта сол саяси ұйымдардың жұмысын жандандырып, моденизациялау іске асырылмақ. Қалалық филиал белсенділерімен кездесуде партия құрамын күшейтіп, жұмысын жетілдіру жайы талқыланды.

Асхат Оралов, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:

«ТазаLike» экологиялық жобасы алдымен ЖО, ЖҚ белсенділері біздің «AMANAT» партиясының мүшелері, жалпы қазақстандықтар бір ауыздан қолдап әрбір өңірде, әрбір аймақта ауылды елдімекендерде осы жоба жалғастырады деген ешқандай күмәнім жоқ.Өйткені, елімізді таза ұстау біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу