Батыс Қазақстан облысы: Шыңғырлау ауданындағы су шайып кеткен 10 жол бөлігі бақылауда
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында Қошанкөл-Қараоба жолын су басты. Тағы да бірнеше жолды су шайып кетті.
Ардақ Мұратқызы, тілші:Оралдан 400 шақырым қашықтағы Қошанкөл-Қараоба жолын су басты. Аудандық маңыздағы тасжолға тасқын су Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылы жақтан келген. Оның тереңдігі 10 сантиметр, ұзындығы - 40, ал ені 10 метрге дейін жайылған. Қарғын су қыстақтардағы көлшіктерге барып құяды. Олар толса, Қошанкөл ауылы маңындағы арнайы қазылған сайға жиналады. Әзірге ауылға қауіп жоқ, дейді мамандар.Бүгін Жәнібек-Талов тасжолын да қарғын су бұзып өтті. Ол жердегі құбыр қатты нөпірмен келген тасқынды өткізе алмай, су жолды бұзып, жарып өткен. Және Федоров-Ақсай тасжолын да су басып, жол жабылған еді. Қазір ол жердегі ағын тоқтады. Көліктер жүріп жатыр. Ал Шыңғырлау ауданындағы су шайып кеткен 10 жол бөлігі бақылауда. Алмаз ауылына кіреберіс жолда бұзылған көпір қалпына келтіріліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13