Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 8 өкілі мен 1 полицейі ұсталды – Бас прокуратура - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 8 өкілі мен 1 полицейі ұсталды – Бас прокуратура

04.04.2022

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 8 өкілі мен 1 полицейі ұсталды. Оларға «Қаңтар оқиғасына қатысты істерді тергеу кезінде рұқсат етілмеген әдісті қолданды» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 19 офицер мен курсанттардың қалай қаза болғаны анықталған. Жалпы 152 адам жауапқа тартылып, 17 қылмыскер сотталған. Ел бойынша 3 702, Алматыда 263 қылмыстық іс қозғалды.

Хабарламаларға жазылу