Ел аумағындағы 22 автомобиль жолына су жайылып, қозғалыс қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағындағы 22 автомобиль жолына су жайылып, қозғалыс қиындады

01.04.2022

Жалпы, ел аумағындағы 22 автомобиль жолына су жайылып, қозғалыс қиындады. Олардың дені жергілікті маңыздағы жолдар. Ал, Павлодар облысында екі үйдің ауласы су астында қалды. Сондай-ақ, тасқын қаупі жоғары Батыс Қазақстан облысында 25 үй мен 2 әлеуметтік нысанның ауласын су кірген. Қазір олар тазартылып жатыр. Бұл жағдайларды ретке келтіруге бес жүзге жуық адам мен жүзден астам арнайы техника тартылған. Төтенше жағдайлар қызметі елдімекендердегі арық-атыздарды тазалап, судың сіңіп кетуіне жағдай жасалуы тиіс , - дейді. Тексеріс кезінде көктемгі су тасу қаупінің алдын алмаған 150 ауыл әкіміне ескерту берілді.

Ролан Есмағанбетов, ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:

Қазір қауіптің күрделі уақыты Батыс Қазақстан облысы болып тұр. Сол облыста жағдай күрделі өйткені қардың деңгейі көп, қардың еруі тез болғандықтан сол жаққа ден қою шаралары істеліп жатыр. Ал, Ақмола облысында жағдай қалыпты түрде.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу