Елімізде қылмыстық процесті цифрландыру мен үш буынды модель жобасы нәтиже беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қылмыстық процесті цифрландыру мен үш буынды модель жобасы нәтиже беруде

31.03.2022

Елімізде қылмыстық процесті цифрландыру мен үш буынды модель жобасы нәтиже беруде. Кешенді шаралар аясында 2020-жылы азаматтардың құқығын бұзу 41 пайызға азайған. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Кей сарапшылар құқық қорғау саласындағы заңнаманы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарына сәйкестендіру маңызды деп отыр. Бұл жетістіктерді еселеуге ықпал етеді. Комиссия төрағасы Игорь Рогов қылмыстық процестің бастапқы сатыларында адам құқықтарын сақталуына тоқталды.

Игорь Рогов, ҚР Президентi жанындағы адам құқықтары жөнiндегi комиссия төрағасы:

Президент өз Жолдауында адам құқықтарын қорғау мәселесіне назар аударды. Ата заңның 17-бабы, 2-тармағында нақты жазылған. Ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасап, қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға болмайды. Өкініштісі, бізде мұндай фактілер орын алды. Жалғыз біз емес, әлемнің көп елдерінде бар. Осыған мемлекетіміз қандай әрекет жасау керек? Күресу жолдары қандай? Бүгінгі басты мәселе осы.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу