Ел қалаулысы жөнінде қос кітап жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел қалаулысы жөнінде қос кітап жарыққа шықты

09.07.2014
Ел қалаулысы жөнінде қос кітап жарыққа шықты

«Жүректегі жазулар» және «Көз ілмейтін көңіл». Осындай атаумен Мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов туралы қос кітап жарық көрді. Кітапты құрастырушылар ақын Нүсіпбай Әбдірахым мен белгілі журналист-қаламгер Күмісжан Байжан.

Бүгін Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында осы жинақтардың тұсаукесері болды. Салтанатты шарада аға буын Серік Үмбетовтың кісілік кішілігі мен іскерлік қырларын айтып, жастар жырдан шашу шашты.

Күмісжан Байжан, ҚР Мәдениет қайраткері:

Кейінгі ұрпаққа үлгі болатындай осы елден шыққан азаматтарды насихаттасақ, халыққа жақын, халықтың қалаулысы болған, кісілігі мен кішілігі, парасаты мол адамды жастарға өнеге етсек деген негізгі ой болды. Сол мақсаттан шықтық, деп ойлаймын.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу