Еуропалық Одақ пен Еуропарламент өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық реформаларына қолдау білдіруге дайын. Саясаткерлер бұл туралы еліміздің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімовамен Брюссельде кездесу барысында мәлімдеді. Қазақстандық омбудсмен Еуропалық институттардың басшыларымен, Еуропарламент депутаттарымен кездесуде Президенттің Жолдауы мен оны іске асыруға бағытталған жұмыстар жайлы баяндады.
Еуропалық саясаткерлер Президент Тоқаевтың адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін арттыру мен алқа билер сотының мандатын кеңейту бастамасын құптайды.
Сондай-ақ қазақ билігінің азаматтық, сот жүйесін реформалау, «Қаңтар» оқиғасына қатысты тергеу кезінде адам құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігеріне жоғары баға беруде.