«Астаналық суретшілер – «Алтын қайықта» атты фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астаналық суретшілер – «Алтын қайықта» атты фестиваль өтті

09.07.2014
«Астаналық суретшілер – «Алтын қайықта» атты фестиваль өтті

Атырауда «Астана қаласының суретшілері – «Алтын қайықта»» атты бейнелеу өнері фестивалі өтті. Шараның басты мақсаты - мұнайлы өлке тұрғындарына   елордалық қылқалам шеберлерінің еліміздің бас қаласына арнаған туындыларын таныстыру.

Сондай-ақ, фестиваль аясында  екі өңірдің суретшілері өзара тәжірибе алмасты.  «Ақ желкен» шығармашылық орталығына келген жұртшылық елге танымал астаналық суретшілердің отызға жуық туындыларымен танысуға мүмкіндік алды.

Еліміздің батыс өңірінің қылқалам шеберлері болса, келесі жылы Астана күніне орай өздерінің 200-ге тарта картиналарын Елордаға апарып, көрме ұйымдастырмақшы.

Әділқайыр Жантасов, суретші:

Астананың суретшілері Атырауға келіп, өздерінің еңбектерін ұсынып жатыр. Мұнда танымал суретшілер бар. Болашақта Атыраудың, Ақтөбе, Орал және Ақтаудың суретшілерін біріктіріп, Астанада көрме ұйымдастыру жоспарда бар.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу