Дубай: ЭКСПО көрмесінде қазақстандық павильон үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубай: ЭКСПО көрмесінде қазақстандық павильон үздік деп танылды

31.03.2022

Дубайда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінде қазақстандық павильон үздік деп танылды. Шығыс стилінде жасалған экспозиция «Мүмкіндіктер» деп аталатын тақырыптық кластерге қойылған. Сондай-ақ Германия мен Италияның павильондары үздіктер қатарынан табылды. Көрмеге келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, экономикалық және инвестициялық ахуалы жайындағы мәліметтерге қанық болды. Техникалық мүмкіндіктерге негізделген дүние бірнеше миллиондаған көрерменді қуантты. Оған 8 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Айта кетейік, ЭКСПО көрмесінің жабылу салтанаты бүгін өтеді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу