Өскеменде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер тағы сапасыз болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер тағы сапасыз болып шықты

30.03.2022

Өскеменде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер тағы сапасыз болып шықты. Жер үйлер талай жылдан бері кезекте тұрған отбасыларға былтыр жеңілдетілген ипотекамен берілді. Ай сайын жүз мыңдап несие төлесе де, баспанасына әлі кіре алмай жүргендер бар.

Ербол Атаев жарылған әр кірпішке белгі қояды. Өйткені үйді салған мердігер компания өкіліне дәлелдеу керек. Ол баспана алу үшін былтыр ақпан айында ипотека рәсімдеп, қазан айында ғана кілт қолына тиген. Алайда қыстай жылу мен жарыққа жарымадық, - дейді. Күн жылығалы қарғын сумен әлек.

Ербол Атаев, қала тұрғыны:
Содан кейін жыңбыр жауған сайын су іргетасқа толады да тұрады. Су қайда кетеді. Отмоскаларын дұрыс жасаған жоқ. Сасыз бетіне құйып кеткен.
«Нұрлы жол» бағдарламасымен бұл аумақта 54 үй бой көтерген.

Олжас Керейхан, тілші:
Жаңадан бой көтерген 28 шығын ауданда мынадай жеке үйлер 2018 жылдан бастап салынған. Бірақ халыққа былтырдан бастап үйлестірілді. Тұрғындардың айтуынша бұл үйлердің атына заты сай болмай тұр. Ал халық үшін ең негізгі мәселе мындай қарғын судың басуы.
Жолдың шетіне арық болмағандықтан еріген су ойпаңдағы үйлердің ауласында кілкіп тұр. Ал қыстағы аяздан соң кейбір баспаналардың едені ойылып ортасына түскен. Жылу жүйесі де толық тартылмаған.
Кейбір отбасылар қыс ортасында қаладан пәтер жалдауға мәжбүр болыпты. Оның сыртында бұл үйге ай сайын ипотека төлейді.

Раушан Болатбекқызы, қала тұрғыны:

Алғашқы 20 процнетін төлеп, үстіне зйнетақы қорындағы ақшамазды салып, 19 жылға алған үйіміз. Ал 19 жылға жетеді дегенге, кім кеплідік береді. Айына 87 мың теңге төлеп ертең 4 қабырағмыз 4 жақта жатса кім кепілдік береді.
Бақытжан Бекенов, қала тұрғыны:
Құрылыс бөлімі ма? «Восток строй ма?» мына үйді салған ең құрығында ақшамызды алып берсе, біздің үйдің кезегіне қойып берсе, үйді қайтарып береміз. Тіпті болмаса үйді жөндеп берсін?!
Үйді жөндетіп беру үшін қалалық құрылыс бөлімі мердігер компанияны сотқа беріпті. Тұрғындардың талап-арызымен де келісіп отыр.

Мерей Әкімжанов, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
Ақауларға сәйкес мерзімін беру жөніндегі қай уақытқа дейін, жөнделетінін. Бірақ мердігер компанияның өкілдерімен ауызша сөйлесе отырып, олар кел аптаның басынан бұл жұмыстарға кіріседі.
Іске кіріспес бұрын әуелі жөнделуі тиіс үйлердің саны анықталмақ. Кеткен кемшілік кепілдік аясыннда түзеле ме, ол жағы әлі белгісіз.
Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу