Ел бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 900 мыңды құрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 900 мыңды құрайды

30.03.2022

Бірақ олардың нақты немен айналысып жүргені белгісіз. Себебі мәлімет еш жерге жинақталмайды. Осы санаттағы азаматтардың қызметі туралы ақпаратты түгендеу мақсатында жаңа мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Енді азаматтар, әсіресе, жастар жұмыспен қамту орталықтарының көмегіне жүгінбейді. Нарықта сұранысқа ие кәсіби мамандарға бос орын көп. Мобильді қосымша арқылы оңай әрі қысқа мерзімде меңгеріп алуға мүмкіндік бар

Сондай-ақ вице-министр шетелдіктерге жұмыс квотасы 4 мың 700-ге қысқаратынын айтты. Бұл ішкі нарықты біліктілігі төмен жұмысшылардан қорғап, жергілікті азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал етеді.


Хабарламаларға жазылу