Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірнеше көлік далада қалды
Қостанай облысында да боран күшейіп, жол қатынасы қиындады. Әсіресе оңтүстік аудандарда екі аптадан бері тоқтаусыз соққан бұрқасынға тұман мен көктайғақ қосылып, жағдайды ушықтырды.
Әзірге зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Әйтсе де наурыз айы келгелі боран жиі соғып, қатынас қиындады. Бізге жолда қалған жүздеген адам мен көліктердің қауіпсіз жерге жеткізілгені жайлы ақпарат күнде келеді. Әсіресе Аманкелді, Жанкелдин, Қамысты Наурызым аудандары мен Арқалық қаласы жақта бұрқасын бірнеше күннен бері тоқтаусыз соғып тұр. Кеше облыс аумағында жел күшейіп, соңы алай-түлей боранға ұласты. Соның кесірінен 159 адам жолда қалған. Оның 39-ы бала. Бәрі де аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. Оларды құтқару үшін төтенше жағдай қызметкерлері тәулік ішінде 20 рет жолға шыққан.
Ал, Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірнеше көлік далада қалды. Достық ауылына кіре беріс жолда тұрып қалған көліктерді көп ұзамай ауыл әкімдігі мен жолаушылар қар құрсауынан шығарып алды. Қазір күн ашылды. Кеше күшті жел қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер мен бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті. Оқиға орнында жедел құтқару жасағы жұмыс істеуде.
Дәуренбек Әбдібек
Ардақ Мұратқызы
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: М. Шайдоров медаль үшін тәуекелге бармақ
13.02.2026, 20:52
Таразда қаланы қардан тазалауға техника жетпейді
13.02.2026, 20:39
«Қазгидромет» ауа райын суперкомпьютер арқылы болжай бастады
13.02.2026, 20:38
Елімізде алғаш рет эпидемиологиялық онлайн-карта әзірленді
13.02.2026, 20:37
Алматыда кванттық технологиялар орталығы ашылды
13.02.2026, 20:35
Шымкенттегі мектептерде енді балалардың қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
13.02.2026, 20:34
Жалпыұлттық коалицияның аймақтарда штабтары ашылды
13.02.2026, 20:19
Жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды
13.02.2026, 20:16