Ақтөбеде Сәңкібай батырдың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Сәңкібай батырдың ескерткіші ашылды

08.07.2014
Ақтөбеде Сәңкібай батырдың ескерткіші ашылды

Ақтөбеде аумағы 12 мың шаршы метр жаңа гүлзар мен Сәңкібай батырдың ескерткіші ашылды. Бұл Астана күніне орай ақтөбеліктерге жасалған үлкен тарту болды.

Саябаққа орындықтар қойылып, велосипедшілерге арналған жол төселді.

 Ескерткіш пен гүлзар құрылысына жергілікті бюджеттен 72 миллион теңге бөлінді.

Биіктігі 6 метр болатын Сәңкібай батырдың тастан қашалған мүсінін орнатуға қала тұрғындары да үлес қосты.

Әбілқайыр хан заманында өмір сүрген Сәңкібай  азаттықты аңсаған әрі би, әрі  батырлардың бірі болған.  Оның есімі мен ерлігі үш ғасыр өтсе де елдің есінде.

Мақсат Сәңкібаев, Сәңкібай батырдың ұрпағы:

Астана күніне орай ашылып жатыр. Бұл - жастарға үлгі. Осы саябаққа келген жастар көріп-біліп өседі. Тарихты ешқашан ұмытпауымыз керек. Осы ескерткіштің ашылуы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір жолы.

Әлия ТАЛАСОВА

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу