Президент ТМД парламентшілеріне үндеу жолдады
Қазақстан халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешуді құптайды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға үндеу жолдады. Оны Сенат спикері оқып берді. Президент осыдан тура 30 жыл бұрын дәл Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойылғанын атап өткен.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы осы жылдар ішінде бұл институт Достастық кеңістігіндегі көпжақты ынтымақтастық жүйесінде ерекше рөл атқарғанына назар аударған. Президент Қазақстан Парламентаралық Ассамблеяның көпжақты қызметін толық қолдайтындығын жеткізген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Парламентаралық диалог экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлермен күресу және қауіпсіздікті нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Бірлескен заң шығару жұмысы жаһандық күн тәртібі шеңберінде орнықты дамудың, декарбонизацияның және цифрландырудың маңызды жаңа міндеттерін іске асырудың теңгерімді тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республикалық референдум басталды
18.03.2026, 06:53
11 500 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
17.03.2026, 20:58
Президенттен сыйақы алған оқушы үздік университетке түсті
17.03.2026, 20:55
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы елге оралды
17.03.2026, 20:53
Көкпардан Әлем чемпионаты басталды
17.03.2026, 20:52
Ақтөбеде «Шаңырақ» күнінде босанған аналарға бесік сыйлады
17.03.2026, 20:38
21 мыңнан аса азамат әскер қатарын толықтырмақ
17.03.2026, 20:13
Теңге нығая түсті
17.03.2026, 20:13