Өскеменде Астана күніне орай вело-марафон өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Астана күніне орай вело-марафон өтті

07.07.2014
Өскеменде Астана күніне орай вело-марафон өтті

Өскеменде Астана күніне орай вело-марафон өтті. Спорттық шараға қатысушылар шаһар орталығынан бастап, «Қазақстан» тауының үстіне көтерілді. Ерлер және әйелдер командасы болып екіге бөлінген 100-ден астам спортшы мәреге шаршамай жетті.

Вело-марафонға Ресейдің Новосібір және Томск қаласынан келген қонақтар да қатысты. Бұл күні Өскеменде Астана күніне орай басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Астана көшесінде және Ертіс өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда жергілікті өнерпаздардың қатысуымен үлкен концерт өтті. Сондай-ақ, колледж және университет түлектеріне дипломдар табысталды.

Олжас Аңсабаев, Өскемен қаласының тұрғыны:

Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, отбасымыз аман болсын, деп тілеймін.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу