Араб-Израиль саммиті өтеді
Бүгін Израильде тарихи Араб-Израиль саммиті өтеді. Оған еврей мемлекетімен байланысын қайта жақсартқан Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко, Мысыр өкілдері қатысады.
Осылардың алдыңғы үшеуі Трамп әкімшілігінің арағайындығымен 2020 жылы «Абрахам келісімі» аясында Израильмен қатынастарын қалыпты жағдайға келтірді. Алдағы жиында тараптар екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселесін талқылайды.
Саммитке қатысу үшін Таяу Шығысқа АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де барды. Америка бас дипломатының бұл сапарының негізі мақсаты – Украина үшін Араб әлемінен қолдау табу және Иранмен қайта жасалуы мүмкін ядролық келісімнің осы аймақ үшін қауіпті еместігіне одақтастарын сендіру.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанадағы «Келешек мектепте» алғашқы дзюдо зал ашылды
15.12.2025, 13:18
Д.Исабековтың кітабы түрікше жарық көрді
15.12.2025, 13:15
Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастықтың 10 жылдығын қорытындылады
15.12.2025, 13:12
Иранда жанармай қымбаттады
15.12.2025, 13:09
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысады
15.12.2025, 13:06
Қар, тұман, көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
15.12.2025, 13:00
Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылымды сахналады
15.12.2025, 10:30
Жерлестеріміз V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
15.12.2025, 10:28