Көкшетауда үлескерлер баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда үлескерлер баспанасыз қалды

26.03.2022

Көкшетауда 30 шақты үлескер пәтерлерін ала алмай жүр. Себебі құрылыс басталмай жатып тоқтап қалған. Осы наурыз айында беріледі деп жоспарланған үйдің іргетасы ғана қаланған. Ал құрылыс сот шешімімен тоқтатылыпты. Өйткені жер телімі заңсыз берілген болып шықты. Заңбұзушылықтар былтыр сәуірде анықталса да, құрылыс компаниясы жаңа үлескерлерді тартуды жалғастыра берген. Алданып қалғандар 2 миллионнан бастап 10 миллион теңгеге дейін қаржы салған.

Мейрам Есімсейітов, үлескер:

– Кеңселеріне барсақ, уақытылы үлгермей жатқандарын айтады. Ешқандай нәтиже жоқ.

Тұрғын үй құрылысына жер телімі комиссия шешімімен берілген. Ал прокуратураның пайымынша, ол аукцион арқылы алыну тиіс. Сондықтан заңсыз деп танылған.

Ильдар Хисамутдинов, құрылыс компаниясының атқарушы директоры:

– Бізде құрылысқа қажетті барлық рұқсат қағаздары болды. Сенімді болғандықтан, үлескерлерді тарттық. Сот болып, уақыт жоғалттық. Қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада әрі қарай қандай мүмкіндіктер бар екені анықталады. Басқа үйден пәтер береміз немесе ақшаларын қайтарамыз.


Хабарламаларға жазылу