Алматыда қалың қар жауып, салдарынан 44 автокөлік зақымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қалың қар жауып, салдарынан 44 автокөлік зақымданды

25.03.2022

Алматыда өткен тәулікте қалың қар жауып, біршама ағаштар мен олардың бұтақтары құлаған. Салдарынан 44 автокөлікке зақым келді. Қазір коммуналдық мекемелердің 1000-нан қызметкері мен 600-ден астам техникасы құлаған ағаштарды жинастырып, көктайғақтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Синоптиктердің мәліметінше мегаполисте алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Айта кету керек бүгінде шаһарда 2,5 млн түп тал-терек бар. Өкінішке қарай оның браз бөлігі қурап қалғандықтан құлағалы тұр.


Хабарламаларға жазылу