Қостанай облысында соңғы екі тәулікте коронавирус тіркелмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында соңғы екі тәулікте коронавирус тіркелмеген

24.03.2022

Қостанай облысында соңғы екі тәулікте COVID-19 індеті тіркелген жоқ. Яғни өңірде вирустың таралуы тоқтады. Облыста алғаш рет ковид жұқтырған адам 2020 жылдың 3-ші сәуірінде анықталған. Содан бері 53 507 адамның бойынан осы инфекция табылды. 53 260 науқас одан жазылып шықты. Бүгінгі күнге дейін 350 мыңға жуық адам толық вакцина алды. Оның 9 мыңға жуығы кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Ал қайта вакцинациялаудан өткендер саны 110 мыңнан асып жығылады. Аймақта эпидахуал тұрақталуына байланысты шектеу шаралары да біраз жеңілдетілген. 
Гүлмира Мағзұмова,  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы: 
Ведомствоаралық комиссия жасыл және сары аймақтағы барлық обьектілерде ашық мобильдік қосымшасын пайдалану міндетін алып тастады. Әлеуметтік қашықтық сақтау, міндетті термометрия да күшін жойды. Сондай-ақ далада маска тақпай жүруге болады.

Хабарламаларға жазылу