Әлем елдері Наурызды қалай тойлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдері Наурызды қалай тойлап жатыр

21.03.2022

Ирактың Сүлеймания провинциясының тұрғындары ұлттық би билеп, ән салып, тау бөктерінде от жақты. Ал елдің кейбір қалаларында «жаңа күн» мейрамы отшашуға ұласты.

Дүниежүзінде Наурыз жексенбіде тойлана бастады. Анадолы мен Орталық Азия халықтары оны 18 ғасырдан астам уақыт бойы атап өтіп келеді.

Халықаралық Наурыз күні 2010 жылы ақпанда ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне тіркелді.

Иран астанасы Тегеранда да сан мың адам концерт пен фейерверк шоуды тамашалады.

Әзербайжан астанасы Баку жұрты да ұлттық ән шырқап, ойын ойнап, би биледі. Мұнда мемлекеттік мереке ретінде Наурыз осы айдың 28-не дейін жалғасады.

Ұлыстың ұлы күнін бүгін Ауғанстан, Үндістан, Кавказ, Албания, Македония халықтары да тойлай бастады.


Хабарламаларға жазылу