Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Мемлекет басшысының саяси реформасын оң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Мемлекет басшысының саяси реформасын оң қабылдады

17.03.2022

Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Мемлекет басшысының саяси реформасын оң қабылдады. Атап айтқанда, Президенттің, әкімдердің, Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті мен конституциялық кеңес төрағалары мен мүшелерінің партиядан шығуы - қоғам күткен бетбұрыс дейді. Бұл - барлық азаматтарға тең мүмкіндік берілетінінің айғағы. Сондай-ақ, Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік саяси лауазымды қызметтер мен квазимемлекеттік секторда басшылық қызметке тұруына заңмен тыйым салынуы –елдің дамуына, саяси жүйенің жаңғыруына ықпал ететініне сенеді.

Нұрлан Сәдір, қала тұрғыны:

Өте жақсы нәрсе - Президенттің партия қатарынан шығуы. Баяғыдан болмауы керек еді. Мемлекеттің ең үлкен тұлғасының бір партияның сойылын соғуы. Сондықтан бұл - біз өте күткен, орындалған нәрсе болды. Бұл - бір. Екіншіден, қазіргі сатыда Президенттің отбасы мүшелерінің ешбір биліктің, квазимемлекеттік құрылымдардың басшысы болмауы - өте дұрыс нәрсе.

Алтын Сақтағанова, дәрігер:

Глобальді түрде жоғарыдан қарағанда, бұл барлық бағытқа серпін береді. Бұл ең бірінші саяси бағытта бұл үлкен өзгеріске алып келеді.

Анар Шамшадинова, ақын:

Президент өзінің қызметін тек осы халықтың ауызбіршілі мен біртұтастығымен байланыстырды. Маған ұнағаны өзгеріс жасауды тек саяси реформалар емес, өзгеріс жасауды әр азамат өзінен бастау керек. Өйткені, мен өзгермесем, сіз өзгермесеңіз онда еліміз қалай өзгереді?!

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу