Халық пікірі: Жолдау демократия дәстүрлерін нығайтуға сеп болары анық
Алматылықтар Президенттің реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыруға белсенді азаматтардың ат салысуына мүмкіндік берілуін құптап отыр. Енді ел үшін маңызды жобаларға қатысты өз ұсыныстарымызды жеткізіп, ашық әрі қажетті пікірлер айтамыз, - дейді.
Жігер Жанәбіл, қала тұрғыны:
Үй ішімізбен тыңдадық. Өте қуаныштымыз. Шынымды айтайын қуанғаннан көзімізге жас алдық. Бір айтқаны әркім осыны орындау сіздердің қолдарыңызда. Сіз билікке қарап отырмай, өздеріңіздің қолдарыңызда, әркім өзінен бастау керек, - деді.
Нұрбол Маратұлы, қала тұрғыны:
Депутат болғаннан кейін халықтың арасында жүреді ғой, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайды. Халықтың жан-айқайы, халықтың талаптары сол Үкімет басында талқыланып барлығы өзінің орнын тауып, заң шықса деген ойдамыз.
Осы ретте Мемлекет басшысы Парламенттің рөлін күшейту туралы да сөз қозғады. Қызылордалықтардың айтуынша, бұл ұстаным демократия дәстүрлерін нығайтуға сеп болары анық.
Айдана Жұмадинова, қала тұрғыны:
Халық сайлаған депутаттардың өздерінің мақсат-міндеттерін орындамаған жағдайда, елге уәдесін уақытылы орындамаған жағдайда мандаттарын алып тастау туралы да айтылды. Бұл саяси тұлғалардың, зиялы тұлғалардың өзінің ел алдындағы жауапкершілігін күшейтеді деп ойлаймын.
Жолдауда жүктелген міндеттер толық жүзеге асса, халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады, - дейді Маңғыстау жұрты. Олар алдағы өзгерістердің нәтиже береріне сенімді.
Жанысбек Өтеген, қала тұрғыны:
Бүгінгі Жолдауда маған ұнағаны мынау Қонаев атамызға, тарихи тұлғаға мән беріп, Қапшағайды Қонаев атаның атымен атауға ұсыныс жасағаны көңілімізге қонды. Барлық халыққа ұнады деп есептеймін.
Ал семейліктер қасиетті мекеннің қайта жаңғыратынына дән риза. Олар Президент қолдауына алғыс айтып,келешекте рухани орданың гүлдене түсеріне сенімді.
Күнсила Сәрсенбаева, қала тұрғыны:
Бұл тоғыз жолдың торабы. Семей тозды. Семейді қолға алу керек. Көтеру керек. Қуанамын. Қолдаймыз!
Құсмілия Нұрқасым, қала тұрғыны:
Ақ түйенің қарны жарылғандай күй кешіп жатқан жайымыз бар. Семей облысын қайтадан қалпына келтіру және оған ұлы Абайдың есімін беру деген бізге үлкен қуаныш.
Рауза Біләлова, қала тұрғыны:
Өзі көптен күткен біздің арманымыз. Енді ойлаймыз, біздің Семейіміз көркейеді деп. Неше жыл тосып жүрміз ғой бұны. Қазір енді әлеуметтік жағдай жақсарытын шығар деп ойлаймыз.
Осылайша тұрғындар Президенттің «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын қолдап, мемлекеттің жаңаруы мен жаңғыру жолында күш біріктіреміз деп отыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы