Президент ұлттық құрылтай құруды ұсынды
Президент ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін орталық деңгейде жалғастыратын болады. Атыраулық зиялы қауым өкілдері бұл бастаманы халық пен билік арасына алтын көпір орнатады деген сенімде. Меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тікелей байланыста тұр.
Жандос Темірғали, тілші:Ұлттық құрылтай халық үшін оң бастама болғалы тұр. Өйткені, Мемлекет басшысы «Құрылтай - қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады» деді.
Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19