Жолдау: Мәжілістің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау: Мәжілістің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде құрылады

16.03.2022

Тоқаев Мәжілістің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде құрылатынын айтты. Сайлауға партияда жоқ адамдардың қатысу мүмкіндігінің болмауы халықтың сайлауға деген сенімін төмендетті, деді Президент. Аралас модель облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауларында да енгізіледі. Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, байқаушылардың құқығы мен жауапкершілігі нақты белгіленуі тиіс деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз осыдан 15 жыл бұрын мәжіліс депутаттарын пропорцианалды түрде сайлауға көштік. Ал 2018 жылы мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар елімізде партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда оның жағымсыз тұстары да пайда болды. Партияда жоқ азаматтар мәжіліске ғана емес жергілікті өкілдік органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз қажет. Соның салдарынан халықтың сайлауға қызығушылығы күрт төмендеді.

Сондай-ақ, партияларды тіркеу процедуралары айтарлықтай жеңілдейді. Тіркеу шегі төрт есе қысқарады. Яғни 20 мыңнан 5 мың адамға, аймақтық бөлімшелердің ең аз саны үш есе – 600-ден 200 адамға, партия құру жөнінде бастама көтерген топ 1000-нан 700 адамға, яғни 3 есе қысқарады.


Хабарламаларға жазылу