Ұрланған қарулардың әлі толық табылмауы – тыңғылықты дайындықты айғақтайды - Ішкі Істер министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұрланған қарулардың әлі толық табылмауы – тыңғылықты дайындықты айғақтайды - Ішкі Істер министрі

15.03.2022

Ұрланған қарулардың әлі толық табылмауы – Қаңтар оқиғасына тыңғылықты дайындықты айғақтайды. Қару-жарақты іздестіру жедел тергеу арқылы ғана емес, ел арасында түсіндіру бағытында да жүргізіліп жатыр. Егер тұрғындар ерікті түрде қаруды тапсырса, әкімшілік немесе қылмыстық істерге тартпау туралы кепілдік беріледі, деді Ішкі істер министрі. Жалпы, арнаулы дүкендер мен құзырлы мекемелерден 2 мың 900-дей арсенал қолды болды. Соның 1 мың 200-ден астамы қайтарылды. Қалғаны заңсыз айналымда.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі Істер министрі:

2000-нан астам атыс қаруының табылмай жатқаны, жасырулы тұрғаны Қаңтар оқиғасын алдын ала жоспарланғанын айғақтайды. Әрине, ол қарулар қазір біздің тұрғындарға шынымен қауіп төндіреді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі «Қару» арнайы операциясын жүргізіп жатыр. Оған жеке құрамның 10 мың қызметкері жұмылдырылды.


Хабарламаларға жазылу