Әзербайжан және Грузиямен халықаралық көлік бағытында ынтымақтастық дами түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжан және Грузиямен халықаралық көлік бағытында ынтымақтастық дами түспек

15.03.2022

Қазақстандық делегацияның Әзербайжан мен Грузияға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев құжаттың негізгі мақсаты Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту және бірыңғай логистикалық компания құру екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы бұл бастамаға Түркия Республикасы қосылуға ниетті.

Аталған бағыт бойынша жүк тасымалдау туралы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ҰК басқарма төрағасы Н. Сауранбаев баяндады. Ол бүгінгі таңда жүктердің негізгі номенклатуралары (көмір, кокс, ферроқорытпалар және т.б.) бойынша вагондар мен контейнерлер арқылы тасымалдауға арналған кешенді тариф мөлшерлемесі бекітілгенін атап өтті.

Сонымен қатар Н. Сауранбаев бұған дейін «Атамекен» ҰКП мәлімдегендей, Қытай тарапының теміржол тасымалы тарифтерін едәуір өсіргеніне қатысты ақпараттың расталмағанын хабарлады.



Хабарламаларға жазылу