Сарапшы: Тергеу нәтижесі ашық жарияланғаны қуантады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Тергеу нәтижесі ашық жарияланғаны қуантады

14.03.2022

Еліміздегі қоғамдық даму институтының сарапшылары қаңтар оқиғасының зардабына қатысты пікір білдірді. Мамандар 230 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаларға қатысты тергеу ашық жарияланып жатқанын айтты. Олардың сөзінше, 15 лауазымды қызметкерге қатысты қылмыстың ашылуы көптеген олқылықтың бетін ашты.

Рүстем Қанапиянов, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Айтылып отырғани мәселелер ішіндегі әсіресе ашықтық мәселесі. Депутаттардың болып жатқан жағдайларды шынайы ашық айтып жатқаны көңіл қуантады. Алда үлкен өгерістер болатынына сенемін.

Самат Нұртаза, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Он бес адам мемлекетке опасыздық жасаған деген баппен істер қаралып жатыр. Менің ойымша, бұл өте ауыр хабар. Мен ондай күткен жоқпын. Біздің басшылардың ішінде ондайлар болатынын күтпедім. Соның барлығынан біз сабақ алу керекпіз.


Хабарламаларға жазылу