Қаңтар оқиғасы бойынша 3 мыңға жуық қылмыстық іс тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы бойынша 3 мыңға жуық қылмыстық іс тергеліп жатыр

14.03.2022

Қазір 3 мыңға жуық қылмыстық іс тергеліп жатыр. Басбұзарлардың тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Әрекеттері нақты тәртіпке негізделген. Темір, тас, таяқ пен өзге де құралдар қолданылған. Ішкі істер министрі Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу барысын таныстырды. Нысаналы Ығыл тікелей байланыста. Нысаналы жаңа деректер қандай?

Нысаналы Ығыл, тілші:

Қазір полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр. Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерудің маңыздылығын атап өткеннен кейін 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылды. Ал, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда. Бүгінде 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылды. Қалғандары басқа жазаларға тартылды. Сондай-ақ Марат Ахметжанов 2900-ға жуық қару қолды болғанын айтты. Табылғаны тек 1215. Қалғаны заңсыз айналымда болған соң 10 мыңдай полицей ұрланған қаруларды іздестіріп жүр. Тұрғындардың да табылған қару-жарақты полицияға тапсыруы сұралды.


Хабарламаларға жазылу