Целиноград ауданында Астана күні тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Целиноград ауданында Астана күні тойланды

05.07.2014
Целиноград ауданында Астана күні тойланды

Бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданында Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтті. Ауданның құрамына кіретін 18 ауылдық округтің барлығында түрлі концерттер ұйымдастырылды. Астанадан Ақмол ауылына арнайы келген ұлттық мәдени орталықтардың өнерпаздары әуелетіп ән салып, би биледі. Салтанатты шара барысында ауданның бірнеше тұрғынына «Нұр Отан» партиясының билеттері табысталды. Сонымен қатар, ауылдың орталық алаңында ұлттық спорт ойындарыннан түрлі сайыстар өткізілді.

Айгүл Сүйінжанова, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Күннен күнге Астана көркейіп келеді. Оның қасындағы ауылдар да осылай жарқырап, өсе берсін. Біз Президентімізді құттықтаймыз, Астана күні бәрімізге қайырлы, құтты  болсын!

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу