Елде маска тағу мен «Ashyq» жүйесі алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде маска тағу мен «Ashyq» жүйесі алынып тасталды

12.03.2022

Енді далада бетперде тағу міндетті емес. «Сары» және «жасыл» аймақтарда Ashyq қосымшасы алынып тасталды. Эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Ал COVID-ке қарсы екпе алмаған қызметкерлерге күндізгі режимде жұмысқа баруға шектеу қойылмайды. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер үшін ПТР тестілеу керек емес. Вице-премьер Ералы Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды егу мен қайта вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды. Қазір барлық өңір «жасыл» аймақта.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу