Зейнетақы қорындағы қаржыны ескі жеткілікті шек бойынша наурыздың соңына дейін алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы қаржыны ескі жеткілікті шек бойынша наурыздың соңына дейін алуға болады

11.03.2022

Зейнетақы қорындағы қаржыны ескі жеткілікті шек бойынша алу үшін наурыздың соңына дейін уақыт бар. Сәуірден бастап өзгеріс күшіне енеді. Осыған орай бүгін Зейнетақы қоры өтінішті қашанға дейін беру керектігін хабарлады. Айтуларынша ол 31-наурызға дейін enpf.otbasy.kz сайты арқылы жіберілсе болды. Ақшаны мақсатқа сай сұраған болсаңыз, сәуірде де ескі жеткілікті шек бойынша қаржы арнайы шотқа түсе береді. Айта кетейін, осы уақытқа дейін үйге және емделуге деп миллионнан астам өтініш түсіп, 2 триллион 700 миллиард теңге аударылды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу