Батыс Қазақстан облысында газ құбыры жарылып, 12 ауыл көгілдір отынсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында газ құбыры жарылып, 12 ауыл көгілдір отынсыз қалды

10.03.2022

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында газ құбыры жарылып, 12 ауыл көгілдір отынсыз қалды. Жайық ауылының маңындағы диаметрі 219 мм жоғары қысымды құбырдың дәнекерленген тұсы ажырап кеткен. Салдарынан 12 ауылдағы 2 563 абонентке газ беру тоқтатылды. Қазір апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу