Стипендия студенттердің шотына тікелей аударылады - Асхат Аймағамбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стипендия студенттердің шотына тікелей аударылады - Асхат Аймағамбетов

10.03.2022

Бұдан былай шәкіртақы студенттердің шотына тікелей аударылады. Грант негізіндегі оқу ақысы да білім алушылардың картасына түседі. Бұл туралы сала министрі әлеуметтік желіге жариялады. Сондай-ақ жабылған жоғары оқу орындарының студенттерін басқа университетке ауыстыру, оқуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істеріне және өзге де құжаттардың көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа уақытылы тапсыру үшін жауапкершілік енгізіледі. Асхат Аймағамбетов колледждерге академиялық еркіндік берілетінін әрі мұғалімдердің міндетті біліктілікті арттыру курстарынан 3 жылда кемінде 1 рет өту қажетін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу