Қазақстан мен Әзербайжан көліктік-логистикалық бағыт құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Әзербайжан көліктік-логистикалық бағыт құрады

10.03.2022

Қазақстан мен Әзірбайжан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша бірлескен кәсіпорын құруы мүмкін. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Әзірбайжан Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуі кезінде айтылды. Жаңа кәсіпорын тарифтерді белгілеу мен жүктерді декларациялауда туындаған мәселелерді реттеуге, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық технологиялар шешімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Тараптар сонымен қатар Әзірбайжан арқылы мұнай тасымалдауға қатысты ынтымақтың маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі қолданыстағы бағыттарға балама бағыт екеніне баса мән берді. Екі жақты кездесу нәтижесінде бірлескен кәсіпорын құру және көлік-логистикалық қызметті жүзеге асыру туралы хаттамаға қол қойылды. 

Хабарламаларға жазылу