Сапасыз интернет үшін салынатын айыппұл көлемі артады
Сапасыз интернет үшін байланыс операторларына салынатын айыппұл көлемі еселеп артады. Қазір 600 мың болса, алдағы уақытта оның сомасы 4,5 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Мәжілісте байланыс саласындағы заңнаманы жетілдіру тетіктері талқыланды. Өйткені, ел бойынша бұл мәселе әлі өзекті. Тұтынушының құқығы сақталмайды. Былтыр 928 елді мекенге интернет тартылса, оның 60 проценті сапасыз. Енді мұндай операторларға талап күшейеді.
Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Байланыс операторлары жағынан қарсылық болып жатыр. Қазір жұмыс тобында үлкен талқыланып жатыр. Себебі байланыс операторлары уәж айтқан. Негізгі мақсат - тұтынушының байланыс алудағы құқын қорғау.
Ал Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның жаһандық желіден ажырауы мүмкін деген ақпарат жалған. Тиісті ведомства басшылығы ешқандай қауіп жоқ деп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12