Президент әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды

09.03.2022

Президент әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды. Бұдан былай әр деңгейдегі әкім-қаралар халықпен тұрақты кездесу өткізеді. Бірақ, әдеттегідей ұзыннан-ұзақ баяндама оқып, жиналғандарды мезі етпейді. Бұған жоспарланған уақыттың төрттен бірі ғана беріледі. Кездесудің негізгі уақыты «сұрақ-жауап» форматында өтеді. Осылайша халықтың билікпен байланыс сапасын арттыру көзделген. Жиынға жауапты адамдар, Мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар және оппозиция өкілдері тартылуы шарт. Сонымен бірге әкімдер азаматтарды жеке қабылдауды да әдетке айналдырады. Ақ жағалыларға тағы бір маңызды міндет жүктеліп отыр. Ол халық көтерген проблемалар ресми сайттарда және «электрондық үкімет» порталында тоқсан сайын жарияланып тұруы тиіс.

Хабарламаларға жазылу