Ел мерейі – Астана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел мерейі – Астана

04.07.2014
Ел мерейі – Астана

Арқа төсіндегі жаңадан бой түзеген Астана бүгінде азат елдің айбарын асқақтатқан  бас қала. Дер кезінде жасалған орынды әрі батыл шешім, бүгінде қазақ елін төрткүл әлемге танытып, айбынын асқақтатты.

Арғынбай Бекбосын, жазушы, драматург:

Бұл – қазақтың қолымен орнатылған қазақ тарихындағы тұңғыш қала. Қазақ елінің құдыреті, Қазақ елі басшысы ақыл-ойының күш-қуаты бедерленген, салынған қала осы деп білемін.

Байдулла Қонысбек, ҚР құрметті журналисі:

Целиноградты да, Ақмоланы да көрген қазақтардың бірімін. Ол жағдай мен қазіргіні салыстырып көруге тіпті болмайды. 90 жылдардың ортасында Елбасымыз астананы Целиноградқа – Ақмолаға ауыстарымыз деген ойпырмай деп күмәнмен қараған қазақтың бірімін.

«Көз - қорқақ, қол - батыр», дейді қазақ. Ертегілердегі бір күн, бір түнде пайда болған осы біздің Астанамыз.

Көшелері кең, зәулім ғимараттары қайсысына қарасаң да, Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры, Тәуелсіз Қазақстанның асқақтап тұрған, Сарыарқаның төсінде құлашын кең жайып жатқан Астанаға мақтанбаса болмайды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

         

Хабарламаларға жазылу