Ресей банктерінің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстан нарығына қауіп төндірмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей банктерінің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстан нарығына қауіп төндірмейді

04.03.2022

Ресей банктерінің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанның төлем нарығына қауіп төндірмейді. Ұлттық Банк өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай біздің нарықта төлем жүргізуге әсер етпейді. Азаматтардың ел ішінде ақша аударуына кедергі жоқ. SWIFT тарапынан санкциялық қысым ресейлік банктердің трансшекаралық төлемдеріне әсер етеді. Ұлттық Банк бұған қатысты тұрақты мониторинг жүргізеді. Жағдай нашарлаған жағдайда елдің төлем нарығын қорғау үшін қосымша шаралар қабылдайды.

Арлен Молдабеков, ҚР Ұлттық Банкi төлем жүйелерінің саясаты басқармасының басшысы:

SWIFT-тен басқа, бірқатар банктерге қатысты төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жүргізуге шектеулер халықаралық төлем жүйелерінің, атап айтқанда Visa тарапынан енгізілді. Қазіргі уақытта бізде Visa тарапынан төлем операцияларын шектеу туралы тек «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ еншілес банкіне қатысты ақпарат бар. Қалған қазақстандық банктер, соның ішінде Ресейдің қатысуымен штаттық режимде жұмыс істейді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу