Қазақ-Түрік тарапы 10 құжатқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Түрік тарапы 10 құжатқа қол қойды

04.03.2022

Сонымен қазақ-түрік тарапы 10 келісімге қол қойды. Құны 500 млн долларға жуықтайды. Нәтижесінде, түрік бизнесмендердің қатысуымен ел аумағында жаңа зауыттар салынады. Айталық, Батыс Қазақстан облысында көлік-логистикалық орталықтың құрылысы басталады. Алматыда фармацевтикалық зауыттың тағы біреуі бой көтереді. Елордада сауда-ойын сауық орталығы ашылады. Кәсіпкерлер әскери және азаматтық өндіріске арналған техникалар шығаруға да мүдделі. Автожолдарға арналған металл болат конструкцияларды өндіруге уағдаласты. Бизнес форум аясында іскер топтар серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу