Алматыда эпидахуал жақсарып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда эпидахуал жақсарып келеді

04.03.2022

Алматы «жасыл» аймақта. Қалалық Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы тұрғындар арасында 64 процент жалпы иммунитет қалыптасқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, шаһардағы эпид ахуал жақсарып келеді. Бүгінде инфекциялық стационарларда 283 адам емделіп жатыр. Ал, 643 адам телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында. Covid-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 1 145 000 тұрғын алған, екінші дозасын салдырғандар да 1 миллионнан асқан. Ал, ревакцинациядан өткендер саны 261 000-ға жетті.

Қасымхан Алпысбайұлы, Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Вакцинацияны біздегі жаппай 14 жастан жоғары топқа жататын адамдардың 80 проценті екпе салдырып, 6 айдан кейін толық курсты біткеннен кейін ревакцинация 95 пайызға жеткенде ғана бізде оған рұқсат беріледі.


Хабарламаларға жазылу