«Blended 328» тобы Астанада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Blended 328» тобы Астанада

04.07.2014
«Blended 328» тобы Астанада

АҚШ-тың әйгілі «Blended 328» тобы Астанада.  7 адамнан тұратын топ «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында ән шырқап, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әншілер Қазақстанға шілденің 2-сі күні келген. Бұған дейін Алматыда концерт берді.

Топтың елордадағы екінші концерті 5-ші шілде күні «Астана» саябағында өтеді. Барлығы 20-дан астам ән орындайтын болады. Ал шілденің 6-8 аралығында қарағандылықтар үшін ән салмақ. Айта кетейік, бұл - еліміздегі АҚШ елшілігінің Астана күніне жасаған арнайы сыйы.

Майкл Клечески, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің консулы:

Бұл музыкалық топ Теннеси штатының Нэшвил қаласынан арнайы Астананың туған күніне келіп отыр. Біз астаналықтарға америкалықтардың өнерін көрсетіп, әнін естірткіміз келді. Ойға алғанымыз орындалған сияқты. Халық жылы қабылдап жатыр.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу