Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтті

03.03.2022

Қазақстан Ресей нарығына жоғары вольтты жабдықтар тасымалдауы мүмкін. Бұл туралы Мәскеуде өткен қос ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысында айтылды. Ал Ресей металлургия, ғылыми және өндірістік саладағы кооперацияны кеңейтуге мүдделі. Қазақстан тарапынан жиынға қатысқан Премьер-Министрі орынбасары Бақыт Сұлтанов екі мемлекеттің алыс-берісі таяу жылдары 30 млрд долларға жетуі мүмкін екенін атап өтті. Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі жалғастыра бермек. Басымдық машина жасау саласына беріледі. Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет пен туризм бағытындағы жобалар да жүзеге асырылады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

Энергетика, отын-энергетика салаларындағы кешенді ынтымақтастық бар. Сондай-ақ келіскеніміздей ведомствоаралық жол карталарын әзірлеп, олардың орындалуын бақылауға аламыз. Осы үкіметаралық комиссия отырысындағы протоколдық шешімнің негізінде әр тоқсанда онлайн отырыс ұйымдастырумен келісемін. Бұл жүйелі жұмыс істеу үшін жақсы құрал болады.


Хабарламаларға жазылу